Ертеде бір ишан кісі болыпты. Бір күні ишанға бір шәкірті келіп: мен қызметімді тоқтатамын, себебі бір сұлуды ұнатып қалдым, сонымен жанұя құрғым келеді - деп ұстазына тілегін айтыпты. Ишан: жарайды деп келісімін беріп жіберіпті. Шәкірті үйленіп, жар қызығына енді батамын дегенде, әйелі іш ауруға тап болыпты. Әйелінің іші тоқтаусыз өте берген соң, шәкірті ишаннан көмек сұрай келіпті. - Ұстаз, менің алған келіншегімнің іші тоқтаусыз өтуде, көмектесіп, бір емін айтсаңыз... - Онда жақсылап тыңда, менің айтқанымды екі етпей орында, әйеліңді елден оқшаулау жерге апарып, бір күрке тігіп, мына шөпті қайнатып әйеліңе күніге екі мезгіл бер, және бір үлкен бөшкеге шыққан дәретін жина, бір ай өткен соң, маған хабарын бер, бірақ сол бір айға дейін әйеліңді көруші болма, не болсада бір ай шыда... Ұстазынан тапсырмасын алған шәкірт үйіне келіп, шөпті қайнатып әйеліне екі мезгіл беріп жүріпті. Шөпті ішкен әйелі күннен күнге жақсарудың орнына, керісінше іші өтуі күшейіпті. Шыққан нәжісті күйеуі бір бөшкеге жинапты. Іші өткені сонша көретін дымы қалмай арықтап, қу сүйегі қалыпты. Өлімнің бер жағында жатырған әйелде бір ай шыдапты. Бір ай өткенде шәкірті ишанды ертіп, әйеліне келеді. Ишан: әйеліңді көруге рұқсат, көріп кел - дейді. Әйелін көруге барған күйеуі күркеде жатырған әйелін көріп, шошып кетіпті. - Бұл менің әйелім емес, менің әйелім сұлу, әдемі болатын, ал бұл ажарсыз құр сүйек қана. Сонда ишан шәкіртіне: -Бұл сенің әйелің, сен оның рухын жақсы көрмедің, сенің сүйіп жүргенің ана бөшкенің ішінде - деп, нәжіс жиналған бөшкені көрсетіпті. Ия, бәрімізде солай, сыртқы келбетін ғана жақсы көреміз, ал егер ажарсыздау болса, өзімізді одан жоғарылау санаймыз, олай санамасақта одан аулақ болуға тырысамыз. Кәзіргі заманда ешкімде адамның жан-дүниесін, рухын жақсы көрмейміз, нәжіспен жиналып тұрған мүсініне ғана ғашық боламыз... Сондықтан ең бірінші ішкі жан-дүниесіне, өзіңнен артық болмаса кем емес, рухына үңілейік.

Теги других блогов: әйел көмек ишан