#Біз_біргеміз_Ауылдасым⤵
_
Менің аса құрметті, ауылдасым,
Саған бүгін хат жаздым сағынғасын.
Көшеге шықпауыңды өтінемін,
Отбасың аман болсын, ауырмасын!
_
Қайдан келе жатырсың, қайран көршім?
Көршің саған сүт берсін, айран берсін.
Зияныңды тигізбей үйіңде бол,
Сол ауылға тигізген пайдаң болсын!
_
Онсызда азайып тұр жұртта сенім,
Сен індеттің сезбейсің тіпті əсерін.
Ақшаң жетіп көшеге шығып жүрсің,
Ақылың жетсе олай шықпас едің.
_
Шыдайық, күн көрейік тəубə деумен,
Саудаласпай қоя тұр саудагермен.
Кешегі небір зұлмат заманда да,
Атамыз аштан емес ардан өлген!
_
Қолдан тігіп алсаңшы бетпердені,
Дүкендерде жоқ екен көптен бері.
Мен саған жаным ашып айтып тұрмын,
Ал сен мені тұрсың ба жек көргелі?
_
Індеттен қорғау үшін аты жаман,
Үйден шықпа деді ғой əкім ағаң!
Шетелде бұл аурудан айыға алмай,
Сəт сайын өліп кетіп жатыр адам.
_
Көше кезсең көршіңе ұнамайсың,
Ел шыдайды сен неге шыдамайсың?
Бүгін өзің тəртіпке бағынбайсың,
Ертең сосын əкімді кінəлайсың!
#Дұрысы_үйде_болған
#Біз_бір_кемедеміз
#Ершат_Қайболдин
@ershat_kaiboldin