Тойды тек той үшін жасай беріппіз  1. Елге апат келгенде демалу аппараты түгілі, маскі де таба алмайтын жағдайда екенбіз. 2. Шегара біраз жабылса - жалаңаш жүретін жағдайда екенбіз... 3. Өзгелер шағын өндірістер ашып, тұрмыстарын тұрақтандырып жатқанда, біз кезегін күтіп тұрған тойлардан қолымыз тимепті... 4. Той жасауға ғана емес, тойға баруға да кредит ала беріппіз. Енді соны кешірсін деп митінгілетудеміз... 5. Елдегі қалталыларды Тойхана мен Базарлар, арасында Мешіттер салуға ғана итермелеппіз. Олардың бойында оянуы тиіс мемлекетшіл-халықшыл пиғыл-ниетті тоймен жуып-шайыппыз.. 6. Жастарды "тойдан-тойға" дейтін жеңіл өмірге ғана ынталандырыппыз... 7. Маңдай термен дүние табатын, ұрпақ өсіру, еңбекке баулу сияқты құндылықтардың қадірін шашыппыз... 8. Арамыздағы Шаруа адамының қадірін тойдағы жылтырақ костюмге айырбастаппыз... (Әлі де айтылмай қалған салдарлар көп: ажырасу, отбасы кикілжіңі, орындалмайтын армандар және т.т.)... Ең бастысы: ТОЙДЫ ТЕК ТОЙ ҮШІН ҒАНА ЖАСАЙ БЕРІППІЗ, бір-бірімізді пайда көріп...

Теги других блогов: той тойды тек той тойхана